
Дзюдодан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі, бүгінде бапкерлікке бет бұрған Елдос Жұмақанов Қазақстан командасына шақыртылған шетелдік маман Эцио Гамба жайлы пікірін ашық айтты. Бұл туралы журналист Ақырыс Сейтқазының YouTube арнасына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлайды.
«Ұлттық құрамаға бапкер болып кіргеніме 4 жыл болды. Осы уақыт ішінде бір алтын, бір қола алып келгеніме өте ризамын.
Спортшы жетінде жетпеген жетістіктерге шәкірттерім жетсе екен деймін. Қазір ұлттық құрамадан кетіп қалдым. Оның да өзіндік себептері бар.
Бүгінде командаға Эцио Гамба деген өте білікті маман келді. Ол әлем бойынша қаншама Олимпиада чемпиондарын шығарған бапкер. Бірақ бұл жерде де түйткілді нәрселер бар.
Біріншіден, Гамбаның өзі келіп, жұмыс істеп жатқан бізде. Ол кеңесші ретінде қашықтықтан жұмыс істеуде. Ал адам көзімен көріп, қолымен ұстамаған нәрсені, жанымен сезбейді.
Мысалы, мен ұлттық құрамада балалармен бірге жүріп, бірге тамақтанып, бар нәрсені көріп, бір ауа жұтпасам, жағдайын түсіне алмаймын. Гамба туралы да солай айтамын.
Эцио Гамба ұлттық құрамада бізбен бірге жүрмегендіктен, оның беріп жатқан тапсырмалары толық орындалып жатқанына сене алмаймын. Күмәнім бар. Оның командасы жұмыс істеп жатыр, өзі жоқ.
Нәтижесін алдағы уақытта көрерміз, өзіміздің құрамаға жамандық тілемеймін»,- деді Елдос Жұмақанов.
Айта кетелік, италиялық Эцио Гамбамен әріптестік орнату туралы бастаманы ҚР Туризм және спорт министрлігі көтерген болатын.