
Бокстан Таиландта өтіп жатқан халықаралық турнирде қазақстандық Дулат Бекбауов қола жүлдегер атанды, деп жазады Sportbugin.kz.
65 келіде жұдырықтасқан Дулат жартылай финалда таиландтық боксшы, Азия чемпионаты мен Азия ойындарының қола жүлдегері Бунджонг Синсириге есе жіберді.
Осы турнир барысында Бекбауов Париж Олимпиадасының финалисті, қырғызстандық Мұнарбек Сейітбекұлынан басым түскен болатын.
Дулат Бекбауов Таиландтағы турнирді қола медальмен аяқтап отыр.