
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов 27 шілде күні Бішкекте (Қырғызстан) кәсіби бокстан жекпе-жек өткізеді. Спортшы өз мансабында алғаш рет кәсібилер арасындағы кездесуге қатысады, деп жазады Sportbugin.kz.
Бибосыновтың қарсыласы — кәсіби бокста он жекпе-жек өткізген филиппиндік Кристиан Легане.
«Кәсіби бокс кешіне қатысуға жапониялық промоутерлер ұсыныс білдірді. Таңдаған қарсыластары да мықты. Сондықтан, келісім бердім.
Осы кешке қатысу үшін ұлттық құрама бас бапкерінің рұқсатын алдым. Астанадағы әлем кубогына қатыспаймын. Әзірге, бұл салмақта кім қатысатыны белгісіз.
Кәсіби бокста бақ сынап көруді бұрыннан ойлап жүргем. Бірақ бұл ұлттық құрамадан кетті деген сөз емес. Құрамадан кетпеймін»,- деді Бибосынов.