
Дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің татамиге шамамен қашан оралатыны белгілі болды. Бұл туралы оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
«Елдос Лондоннан оралып, отбасымен бірге жаңа үйге көшті. Чемпион атанған соң, оған пентхаус сыйлаған еді. Қазір жер үйден жаңа үйге қоныс аударды. Бүгінде ол Венгриядағы әлем чемпионатында жүр.
Әзірге, оның нақты қашан оралатыны туралы болжам ғана айта аламын. Иығындағы жарақатын емдеп, бәрі жақсы болса, жыл соңына қарай ресми жарыстарға қатыса бастаймыз», — деді Жылгелдиев.
Айта кетелік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасынан кейін ресми жарыстарға қатысқан жоқ.