
Абиба Әбужақынова дзюдодан әлем біріншілігінің күміс медалін иеленді, деп жазады Sportbugin.kz.
Венгрия астанасы Будапештте өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті.
48 келіде бақ сынаған Абиба Әбужақынова финалда италиялық Ассунто Скуттоға есе жіберді. Осылайша, Қазақстан әйелдер құрамасының тарихында алғаш рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Жартылай финалда Абиба испандық спортшыны ұтқан болатын.
Бүгін татамиге шыққан Шерзат Давлатов, Мағжан Шамшадин (60 келі) және Ғалия Тынбаева (48 келі) жүлдесіз қалды.