
Бокстан Нидерландта өткен халықаралық турнирде Қазақстан құрамасы 5 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан сапынан бес спортшы қарсыластарынан басым түсіп, чемпион атанды.
Олар: Даниял Сәбит (50 келі), Абылайхан Жүсіпов (70 келі), Ерасыл Жакпеков (80 келі), Дәулет Төлемісов (85 келі),Нұрлан Сапарбай (+90 келі).
Ертуған Зейнуллинов (65 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі) және Сағындық Тоғамбай (90 келі) турнирдің қола жүлдегерлері қатарында.