
Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмила Бақбергенова әлемдік рейтингте бірінші орынға жайғасты, деп жазады Sportbugin.kz.
Бүкіләлемдік күрес ұйымы (UWW) салмақ дәрежелері бойынша кезекті рейтингті жариялады.
Қазақстандық Жәмила Бақбергенова 72 келі салмақта бірінші орынды сақтап қалды. Ол Азия чемпионатындағы жеңісінен соң 51 мың ұпаймен көш бастап тұр.
Екінші орынды Жапония, үшінші сатыны Моңғолия балуандары иеленген.