
Қазақстандық Бейбіт Жукаев алғаш рет Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне шықты.
⠀
Бейбіт Жукаев — тарихта алғаш рет Уимблдонның негізгі сеткасына өткен этникалық қазақ. Ақтаулық теннисші (ATP рейтингінде 251-орында) бұл көрсеткішке алғаш рет қол жеткізді.
Турнирге жолдама алу үшін ол іріктеудің финалында Франция өкілі Люка Павловичті 3:6, 6:3, 6:2, 7:6(5) есебімен жеңді. Бұл — 24 жастағы спортшы үшін мансабындағы маңызды кезең. Бір жыл бұрын дәл осы турнирде шешуші кезеңде жеңіліс тапқан еді, ал биыл тарихи нәтижеге қол жеткізді. Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.
⠀
Айта кетейік, бұған дейін Уимблдонда Қазақстан атынан көзге түскен ең танымал спортшы — Ресейде туған Елена Рыбакина. Ол 2022 жылы Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін, ел намысын қорғап, Уимблдонда әйелдер арасындағы жекелей сында жеңіске жеткен алғашқы қазақстандық теннисші атанды.
Ақмерей Уалиханқызы