
Астанада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігінде Қазақстан қоржыны кезекті медальмен толықты, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жасөспірім қыздар арасында 69 келі салмақта сынға түскен Кира Данилова жеңімпаз атанды. Ол қоссайыс қорытынды бойынша 198 (87+111) келіні бағындырып, чемпион атанды.
Ал тағы бір қазақстандық зілтемірші Софья Шальгина 175 келіні еңсеріп, қола жүлдегер атанды.
Күміс медаль өзбекстандық атлет Динура Холдорованың еншісінде.