
Хоккейден Қазақстан құрамасының мүшесі Никита Михайлис ҚХЛ-дағы сапарын әрі қарай жалғастырады. Ол Магнитогорскілік «Металлургпен» жаңа келісімшартқа қол қойды, деп жазады Shaiba.kz сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Жаңа келісімге сәйкес, қазақстандық хоккейшінің жалақысы екі есеге азайды. Енді ол бұрынғыдай 80 млн рубль емес, 40 млн рубль алатын болды.
Өткен маусымда «Қазақмыс» түлегі ҚХЛ-даа 36 ұпай жинады.
Ол құрлықтық хоккей лигасында жалпы есебі 567 матч өткізген.