
Таиландта аяқталған бокстан U22 әлем чемпионатында Бақыт Сәрсекбаев жаттықтыратын құрама 3 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстан сапынан финалға 5 спортшы шығып, олардың үшеуі алтыннан алқа тақты.
Атап айтар болсақ, Нұрислам Қалдыбаев (60 келі), Санжарәлі Бегалиев (80 келі) және Темірлан Мұқатаев (90 келі) құрлық додасының жеңімпаздары атанды.
Илья Калинин (65 келі) мен Нұрбек Мұрсал (70 келі) турнирдің күміс жүлдегерлері. Ал қыздар арасында Гүлназ Бөрібаева (48 келі) мен Бақыт Сейдеш (70 келі) топ жарды.
Айта кетелік, бокстан U22 Қазақстан құрамасын Бақыт Сәрсекбаев жаттықтырады.
Жалпы есепте Қазақстан құрамасы 5 алтын медальмен екінші орынға табан тіреді. Бірінші орынды 8 алтын еншілеген Өзбекстан құрамасы иеленді.
Үздік үштікті Қытай құрамасы тұйықтаған.