
Өткен аптада отандық олигарх Нұрлан Смағұлов «Қайраттың» бас бапкеріне автокөлік, ал қақпашы Темірлан Анарбековке айпад сыйлады. Осыдан соң, желіде қызу пікірталас басталған еді. Кейін Анарбековке көлікті әдейі бермегені анықталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бұл туралы кәсіпкер Рустам Мақсұтов мәлімдеді.
«Алғашында Нұрлан Еркебұланұлы (Astana Group холдингінің негізін қалаушы — Нұрлан Смағұлов)» қақпашыға сый жасап, автокөлік сыйлағысы келген. Бірақ Қайрат Боранбаев көлікті қақпашыдан гөрі, бас бапкерге сыйлау керектігін айтты. Бұл команданың маңызды матчтар алдындағы мотивациясын жоғалтпау үшін жасалған қадам. Темірлан небәрі 21 жаста, ол әлі өз көлігін алып үлгереді. Темірланға бәрін түсіндірді», — деп жазды ол.
Айта кетелік, Нұрлан Смағұловқа бұл қылығы үшін көпшілік түрлі пікір қалдырып, оны сараң байлардың қатарына жатқызған еді.