
Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында екі боксшы қызымыз келесі кезеңге өтті, деп жазады Sportbugin.kz.
57 келіде сынға түсіп жатқан Карина Ибрагимова алғашқы айналымда грекиялық Панагета Кузилуды 5:0 есебімен жеңді.
Ал IBA нұсқасы бойынша биылғы әлем чемпионы Аида Әбікеева (65 келі) венгриялық Лука Хамориден басым түсті. Есеп — 5:0.
Еске салайық, алғашқы жарыс күнінде Элина Базарова (54 келі) жеңіліс тапты.
Ерлер арасында Сағындық Тоғамбай (90 келі) англиялық боксшыны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.