Әйелдер күресінен Қазақстан командасының үздігі Жәмила Бақбергенова Ресейде өткен «Иван Ярыгин» турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Қазақстандық балуан қыз финалда моңғол спортшысынан басым түсті.
«Иван Ярыгин кубогі», 72 келі:
- Жәмила Бақбергенова (Қазақстан)
- Болртунгалаг Зоригт (Моңғолия)
- Нұрзат Нұртаева (Қырғызстан), Ксения Буракова (Дағыстан)
«Бұл менің жаңа маусымдағы алғашқы жарысым. Сондықтан, өзімнің дайындығымның қай деңгейде екенін білу мен үшін маңызды болды. Қарсыласты емес, өз күресімді ойладым. Қысқаша айтқанда, бұл турнир менің өзімді сынауыма берілген мүмкіндік», — деді Жамила.

Айта кетейік, аталған турнирде Жәмила Бақбергеновадан басқа қазақстандық балуандар жүлдеге іліккен жоқ.
