Қазіргі таңда Фуджейрада (БАӘ) таеквондодан ірі халықаралық турнир өтуде, деп жазады Sportbugin.kz.
Қазақстан құрамасы бұл жарыста үш медальға ие болды.
Бахадыр Шапулатов (54 келіге дейін), Мақсат Орынбасар (74 келіге дейін) және Нұрлан Мырзабаев (87 келіге дейін) қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, турнирге 50 елдің спортшылары қатысуда.
