Хорватияның Загреб қаласында күрес түрлерінен рейтингілік турнир жалғасуда. Өкінішке қарай, еркін және әйелдер күресіндегі балуандарымыз әзірге жүлде алған жоқ, деп жазады Sportbugin.kz.
Еркін күрестен жалғыз Камиль Куруглиев қана ел намысын қорғады. Ол бірінші айналымда венгриялық балуанға 0:3 есебімен жол берді.
Әйелдер күресінен 50 келіде сынға түскен Зейнеп Баянова ресейлік Екатерина Смирноваға есе жіберді, 2:12.
Бүгін жарыс жолына Нулифар Раимова (57 келі), Ирина Кузнецова (62 келі) және Гүлмарал Еркебаева (76 келі) шығады.
