Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жабық кешендегі Азия чемпионатында екінші алтын медальға қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz.
Жеңіс тұғырының ең жоғарғы сатысына Нора Джеруто көтерілді. Ол 3000 метрге жүгіру сайысында үздік нәтиже көрсетті.
Қазақстандық спортшы 8:46.87 уақыт көрсеткішімен мәреге жетті. Екінші орынды жапониялық Нозоми Танака (8:48.22), ал үшінші орынды қытайлық Ло Ся (9:16.18) иеленді.

Сондай-ақ, бүгінгі жарыс күнінде қазақстандық Мария Ефремова үш қарғып секіруден қола жүлдегер атанды. Оның көрсеткіші — 13. 68 метр.
Айта кетейік, бұған дейін Нора Джеруто 1500 метр қашықтықта қола жүлдеге ие болған. Ал Алина Чистякова бессайыста алтын медаль жеңіп алды.
