Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков Махмұд Сабырханның кәсіби боксқа ауысу мүмкіндігін бағалады. Бұл туралы ол журналист Aqyrys Seitqazy YouTube арнасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Sportbugin.kz.
«Махмұд енді үйленген бала ғой. «Влюбленный волк уже не хищник» деген орысша сөз бар (күлді). Қалжың, әрине… Егер жақсы ұсыныстар болса, келеді ғой», — деді Ерденбеков.
Сондай-ақ, федерация басшысы Махмұдтың бауыры Төрехан Сабырханның кәсіби бокстағы әлеуетін жоғары бағалады.
«Мен Төреханды күтіп жүрмін. Лажы болса, бір емес, екі олимпиадалық цикл өткені дұрыс. Ол қиындықтан қорықпайтын, нағыз кәсіби боксқа арналған жігіт», — деді Рахымжан Камилұлы.
Айта кетелік, ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхандар Ливерпульдегі әлем чемпионатында (2025) алтын медаль жеңіп алған.
Фото: Тұрар Қазанғапов
