Милан Олимпиадасында шайбалы хоккейден ерлер арасындағы турнирде АҚШ құрамасы топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
Финалда әйгілі Канада құрамасы мен АҚШ кездескен болатын. Тартысты матчта 2:1 есебімен америкалықтар жеңіске жетті.
Жеңімпаз команданың тағдыры овертаймда анықталған. Айта кетелік, АҚШ хоккейшілері араға 46 жыл салып, Олимпиада чемпионы атанып отыр.
Канада — АҚШ 1:2 ОТ (0:1, 1:0, 0:0, 0:1)
0:1 — Болди (Мэттьюс, Хьюз) — 06:00
1:1 — Макар (Тэйвз) — 38:16
1:2 — Хьюз (Веренски) — 61:41
