Еркін күрестен Қазақстан командасының үздіктері Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов биылғы Азия біріншілігінен босатылды. Бұл туралы ұлттық құраманың бас бапкері Данияр Қайсанов мәлімдеді, деп жазады Sportbugin.kz.
«Бішкекте өтетін құрлық додасына екі үздігіміз — Қайпанов пен Айтмұхан қатыспайды. Себебі, олар Азия біріншілігіне іріктеу саналатын ел чемпионатында белдескен жоқ. Қазақста біріншілігінде көзге түскен балуандар Азияда бақ сынайды. Ал Ризабек пен Нұрқожаның алдындағы ең ірі жарыстардың бірі — күзде өтетін жазғы Азия ойындары. Сол бәсекеге мақсатты түрде дайындалады», — деді Қайсанов.
Айта кетелік, Азия чемпионаты 6-12 сәуір аралығында Қырғызстан астанасы Бішкекте өтеді.
