Қазақстан футбол федерациясында ішкі ақпараттың БАҚ-қа тарап кетуіне байланысты алаңдаушылық бар, деп хабарлайды ASnews.kz.
Дереккөздің мәліметінше, басшылық құрам мен бірқатар қызметкердің қатысуымен ақпараттың сыртқа шығуына қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ жақын арада федерация құрылымында өзгерістер болады, ал ұйымдағы негізгі функциялардың басым бөлігін жаңа вице-президент өз мойнына алады.
Бұған дейін Қазақстан футбол федерациясының қауіпсіздік және интегрити қызметінің басшысы Асхат Мэлс қызметінен кеткен болатын.a
