
Руслан Курбанов Астанада өтіп жатқан әлем кубогының күміс жүлдегері атанды, деп жазады Sportbugin.kz
Шешуші кездесуде отандасымыз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға есе жіберді.
Тартысты өткен жекпе-жек 15:12 есебімен қарсылас пайдасына аяқталды.
Осылайша, Руслан Курбанов жарысты екінші орынмен қорытындылады.
