
Түркияның Анталия қаласында өткен таеквондодан халықаралық Türkiye Open турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Жарыстың шешуші күнінде Қазақстан құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Батырхан Төлеуғали қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль иеленді.
Сонымен қатар, Эльдар Бірімбай мен Абылайхан Мергенбай күміс жүлдеге қол жеткізсе, Бейбарыс Қаблан қола медаль еншіледі.
Қазақстан құрамасы турнирдің соңғы жарыс күнін 1 алтын, 2 күміс және 1 қола медальмен аяқтады.
