
Ертуған Зейнуллинов Азия чемпионатындағы жарыс жолын сәтті бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Отандық былғары қолғап шебері 1/8 финалда тайпейлік Ю Линмен кездесіп, айқын басымдықпен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша, қазақстандық боксшы турнирдің ширек финалына жолдама алды.
Айта кетейік, ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов та ширек финалға жолдама алған болатын.
