
Бокстан еңбек сіңірген жаттықтырушы Әлімбек Балмағанбетов бокстан ұлттық құраманың жаңа бапкеріне қатысты ойын бөлісті, деп жазады Sportbugin.kz
«Қазір біздің ұлттық құрамада жәй боксшы жоқ. Шетінен әлем және Азия чемпиондары. Мұндай команданы жаттықтыру үшін үлкен білік керек. Бапкер болу аз, педагог, психолог, оратор болу керек. Аудиторияны баурап алу, өзіне қарату деген нәрселер үлкен роль ойнайды. Яғни, командадағы микроклимат бұзылмауы тиіс.
Меніңше, Нұржан Насанов команданы алға жетелей алады. Өте сауатты, тәртібі, көзқарасы жақсы. Санжар Тәшкенбай сынды екі дүркін әлем чемпионын тәрбиелегені де көп нәрсені аңғартады. Тек Насановқа уақыт жағынан тапшылық әсер етуі мүмкін. Өйткені, Олимпиадаға аз уақыт қалды. Оған әлі жолдама алатын жарыстар бар. Осы аз уақытта соны реттей алса, жақсы болушы еді.Ол нағыз бас бапкер болатын жаста», — деді Балмағанбетов.
