
Қазақстан ерлер құрамасы спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңі барысында жүлделі нәтижеге қол жеткізді, деп жазады Sportbugin.kz
Каирде өткен жарыста отандастарымыз екі бірдей медаль жеңіп алды. Екі жүлдені де ат үстіндегі жаттығулар бағдарламасында еншілендік. Финалда Зейнолла Ыдырысов 14,566 ұпай жинап, күміс медальға ие болды.
Осы бағдарламада Нариман Курбанов 14,566 ұпай көрсетіп, үшінші орынға тұрақтап, қола жүлдені қанағат тұтты.
Ал алтын медальді 14,800 ұпай жинаған армениялық Гамлет Манукян жеңіп алды.
