
Бішкекте өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында грек-рим күресінің балуаны ҚаҺарман Кисметов қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Кисметов қырғыз балуаны Ақжол Махмудовтан ұтылған болатын. Қырғыз балуаны финалға шығып, Кисметов жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Жұбаныш белдесуінде қазақстандық балуан жапониялық қарсыласын жеңіп, қолаға күресетін болды.
Қола үшін күресте Қаһарман өзбек балуаны Дониёрхон Накибовпен белдеседі.
