
Нұрсұлтан Тұрсынов грек-рим күресінен Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Қола үшін күресте Тұрсынов Түрікменстан балуаны Довлетмұрат Байрамовты жеңіп, ел қоржынына Азия чемпионатының алғашқы жүлдесін салды.
Айта кетейік, бүгін грек-рим күресінен Алматбек Аманбек қырғыз балуанын жеңіп, финалға жолдама алған болатын.
