
Марал Тәңірбергенова мен Гүлмарал Еркебаева Азия чемпионатының қоласына таласады, деп хабарлайды Sportbugin.kz
Әйелдер күресінен 50 келіде өнер көрсететін отандық балуан Марал Тәңірбергенова жартылай финалда жапониялық Олимпиада чемпионы
Юи Сусакиге есе жіберді.
Ал аса ауыр салмақта Гүлмарал Еркебаева жартылай финалда моңғол балуаны Даваанасан Энх-Амарынға жол берді.
Осылайша, қос бұрымдымыз ертең құрлық додасының қоласы үшін белдесу өткізеді.
