
Еркін күрестен 97 келіде сынға түсетін отандасымыз Бекзат Үркімбай Азия чемпионатында жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды, деп жазады Sportbugin.kz.
Бекзат ширек финалда жапониялық Араш Йошидаға есе жіберген еді. Қарсыласы финалға жолдама алып, Бекзатқа қола медаль үшін белдесуге мүмкіндік алды.
Енді отандасымыз қола жүлде жолында бахрейндік балуан, Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновпен күш сынасады.
