Өзбекстан астанасында өтіп жатқан U15 мен U17 санатындағы бокстан Азия чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
U15 жас санатында 35 келіге дейінгі салмақта Жақсылық Ермекұлы өзбек боксшысы Достон Комиловпен кездесті.
Жекпе-жектің екінші раундтында Жақсылық қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберді. Ал үшінші раундта төреші айқасты тоқтатып, қазақстандық боксшының техникалық нокаутпен жеңгенін тіркеді.
Осылайша, Ермекұлы құрлық біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Өзбекстан астанасында өтіп жатқан Азия чемпионатына 21 елден 460-тан астам жас боксшы қатысуда.
Аталған Азия чемпионаты Asian Boxing ұйымының, яғни World Boxing-тің азиялық бөлімшесінің ұйымдастыруымен өтуде.
