Астанада көркем гимнастикадан көпсайыс бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Чемпионат қорытындысы бойынша команданың қазіргі үздігі Ақмарал Ерекешева чемпион атанды. Ол төрт бағдарлама қорытындысы бойынша 105.250 ұпай жинады.
Күміс медальді Айбота Ертайқызы (105.050), қола жүлдені Айым Мейіржанова (101.150) иеленген.
Айта кетелік, биылғы маусымда Ақмарал Ерекешева Гран-при турнирі мен әлем кубогы кезеңінен жүлде алып үлгерді.
