Украиналық маман қазақ боксшысын сынға алды. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz хабарлады.
Украиналық журналист Святослав Осипов қазақстандық боксшы Иван Дычконың Ұлыбританияда Харви Дайксті жеңген жекпе-жегіне сыни баға берді.
Оның пікірінше, Дычко жеңіске жеткенімен, көрерменнің қызығушылығын оята алмады. Осипов қазақстандық боксшының әлі де әуесқой бокс мәнерінен толық арыла қоймағанын айтып, оның барлық жекпе-жекті бір қарқынмен және бір шаблон бойынша өткізетінін, үш раундтан артық қарқынын сақтай алмайтынын жеткізді.
Сондай-ақ маман Zuffa Boxing жобасының форматы Дычкоға сәйкес келмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл жобада жеңіс пен жеңілістен бұрын көрерменнің қызығушылығы маңызды. Осипов Дычко келісімшарттағы жекпе-жектерін өткізгеннен кейін жаңа промоутер іздеуге мәжбүр болуы мүмкін деген пікір білдірді.
