Түркістандық боксшы Аман Қонысбеков U23 жастар мен ересектер арасындағы Азия чемпионатында өнер көрсетеді, деп жазады Sportbugin.kz.
Малайзияда өтетін құрлықтық додада Қонысбеков 75 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Қазіргі уақытта ол ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынында дайындалып жатыр.
Спортшыны Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов баптауда. Түркістандық боксшыдан жанкүйерлер жоғары нәтиже күтеді.
