UFC-дің орта салмақтағы чемпионы Хамзат Чимаев RAF 10 турнирінде Диллон Дэнисті мерзімінен бұрын жеңді, деп жазады Sportbugin.kz.
Белдесу алғашқы кезеңде аяқталды. Чимаев қарсыласының бір аяғынан ұстап, партерге түсіріп, кейін оны кілемге жыққан күйі ұстап тұрды. Осыдан кейін төреші кездесуді тоқтатып, Хамзаттың таза жеңісін тіркеді.
Кездесу аяқталған соң Чимаев пен Дэнис арасында жанжал туындады. Ауызша кикілжің барысында Хамзат қарсыласына аяқпен соққы жасап, артынша екі спортшының командалары алаңға жүгіріп шықты. Нәтижесінде жаппай төбелес басталып, оны қауіпсіздік қызметкерлері тоқтатты.
