Қазақстан жастар құрамасы Солтүстік Македонияда өткен халықаралық турнирде үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен қазақстандық боксшылар үш алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.
55 келі салмақта Арман Мырсабит, 65 келіде Нұрмұхаммед Алдаберген және 75 келіде Шамсәт Лесбай чемпион атанды.
Сонымен қатар, жарыс қорытындысы бойынша Бақыт Сәрсекбаев үздік жаттықтырушы деп танылса, Шамсәт Лесбай турнирдің үздік боксшысы атағына ие болды.
