Астанада 25- 26 маусым күндері өтетін KAZAKHSTAN OPEN 2026 халықаралық турнирі биыл бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейімен ерекшеленбек, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Екінші рет ұйымдастырылып отырған G-1 санатындағы беделді додаға Олимпиада, әлем және құрлық чемпиондары қатысып, татамиде нағыз тартысты жекпе-жектер ұсынбақ.
Атап айтқанда, турнирде әлемдік таеквондоның жұлдыздары қатарында Эмине Гёгебакан, Георгий Гурциев, Хакан Речбер, Пак Тхе Джун, Мохамед Халил Джендуби және басқа да Олимпиада чемпиондары мен әлем жеңімпаздары ел намысын қорғайды.
Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының басты үміттері — Бейбарыс Қаблан, Батырхан Төлеуғали, Айдана Құмартаева, Самирхон Абабакиров, Нодира Ахмедова және Тамирлан Тлеулес те өз жерінде өнер көрсетеді.
Әлемнің және Қазақстанның жас жұлдыздары тоғысатын бұл дода жанкүйерлерге жоғары деңгейдегі спорттық шоу мен тартысты кездесулер сыйлайтын бірегей халықаралық турнир болмақ.
