Түркия құрамасының жанкүйері ерекше образымен әлем назарын аударды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Әлем чемпионатының алғашқы турында Түркия мен Аустралия арасындағы матч кезінде түркиялық жанкүйер Недждет Олчерман (әлеуметтік желідегі лақап аты — Уди Неко) ерекше келбетімен көпшіліктің назарын өзіне аударды.
Ол трибунаға бетін толықтай қара түске бояп келген. Әлеуметтік желілерде танымал жанкүйер Түркия құрамасы мен «Бешікташтың» көптеген матчтарына тұрақты түрде қатысып, команданы ірі халықаралық турнирлерде де қолдап жүреді.
Айта кетейік, Түркия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатын сәтсіз бастап, алғашқы турда Аустралиядан 0:2 есебімен жеңілді.
