Кабо-Верде құрамасының қақпашысы Жосимар Диас әлеуметтік желінің жұлдызына айналды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
40 жастағы қақпашы Испания құрамасына қарсы кездесуде нағыз сенсация жасап, жеті қауіпті соққыны қайтарып, өз қақпасын голдан аман сақтап қалды.
Матчқа дейін Возиньяның Instagram парақшасында шамамен 50 мың ғана жазылушы болған. Алайда Испаниямен өткен ойыннан кейін оның танымалдығы күрт өсіп, бірнеше сағат ішінде оқырмандар саны миллиондап көбейді.
Қазіргі таңда қақпашының әлеуметтік желідегі аудиториясы 5 миллион адамға жетті.
