UFC-дің бұрынғы чемпионы Илия Топурияның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Жекпе-жектен кейін UFC президенті Дана Уайт спортшының көз ұясы жарылған мүмкін деген болжам жасаған еді.
«Оның беті қатты зақымданған. Мен дәрігер емеспін, бірақ көзінің жағдайына қарап, көзінің ұясы жарылған болуы мүмкін деп ойладым. Дегенмен бұл тек менің болжамым ғана», — деген болатын Уайт баспасөз мәслихатында.
Айта кетейік, Илия Топурия мен Джастин Гэтжи арасындағы жекпе-жек UFC Freedom 250 турнирінің басты оқиғасына айналды. Төртінші раундтан кейін Топурияның бұрышы спортшының беті қатты жарақаттанып, көру қабілетінде қиындықтар туындауына байланысты кездесуді жалғастырудан бас тартты.
Осылайша Джастин Гэтжи UFC-дің жеңіл салмақтағы жаңа абсолютті чемпионы атанса, Илия Топурия кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
