Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңін Тумир Нұрсейітов жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
75 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Тимур Нұрсейітов жарысты сәтті бастап, 1/8 финалда ирландиялық Тадхг Одонеллмен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған тартысты айқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті 3:2 есебімен қазақстандық спортшыға берді.
Осылайша, Тимур Нұрсейітов Әлем кубогының ширек финалына жолдама алды.
