Қытайда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде Тимур Қабдеш алғашқы жекпе-жегінде жеңілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
55 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Тимур Қабдешов 1/16 финалда Олимпиада ойындарының қатысушысы, Панамерика ойындарының күміс жүлдегері бразилиялық Келви Триндадпен қолғап түйістірді.
Үш раундқа созылған тартысты кездесудің қорытындысында төрешілердің шешімімен 3:1 есебімен Келви Триндад жеңімпаз деп танылды.
Айта кетейік, 55 келіде құраманың көшбасшысы ретінде екі дүркін әлем чемпионы Махмұд Сабырхан саналады.
