Футболдан әлем чемпионатында K тобының алғашқы ойындары аяқталды, деп жазады Sportbugin.kz.
Әлем чемпионатының фавориттерінің бірі саналған Португалия құрамасы Конго Демократиялық Республикасымен 1:1 есебімен тең түсті.
Ал бүгін әлем чемпионатына тұңғыш рет қатысып отырған Өзбекстан құрамасы Колумбиямен кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Өзбек футболшылары есепті теңестіргенімен, матчтың қалған бөлігінде қарсылас басымдық танытты.
Осылайша, алғашқы турдан кейін Колумбия 3 ұпаймен топ көшбасына шықса, Португалия мен Конго құрамаларында бір-бір ұпайдан бар. Өзбекстан құрамасы әзірге ұпай еншілемеді.
Айта кетейік, енді 23 маусым күні Португалия мен Өзбекстан құрамалары кездеседі.
