Қытайда бокстан өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңін Алуа Балқыбекова сенімді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан екі дүркін әлем чемпионы 1/8 финалда венесуэлалық Ирисмар Кардозомен кездесті.
Жекпе-жек барысында Алуа жоғары деңгейде өнер көрсетіп, қарсыласынан басым түсті.
Нәтижесінде төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың ширек финалына өтті.
