Қытайда өтіп жатқан бокстан Әлем кубогында Санатәлі Төлтаев Англия боксшысынан жеңілді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
65 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Санатәлі Төлтаев 1/8 финалда англиялық Патрис Мугалзаимен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Патрис Мугалзаиға берді. Осылайша, Төлтаев Әлем кубогын аяқтады.
Айта кетейік, бұл Қазақстан ерлер құрамасынан жарыс жолынан шыққан бесінші боксшы. Бұған дейін Тимур Қабдешов, Нұрбек Оралбай, Серік Теміржанов және Сабыржан Аққалықов жарыс жолынан шығып қалған болатын.
