Kazakhstan Open турнирінде Қазақстан жастар құрамасы жалпы есепте топ жарды, деп жазады Sportbugin.kz.
Жастар арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 6 күміс және 16 қола медаль жеңіп алып, жалпы саны 27 жүлдемен командалық есепте бірінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, Kazakhstan Open — World Taekwondo ұйымының ресми күнтізбесіне енген G-1 санатындағы халықаралық рейтингтік турнир.
