Екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов кәсіби бокстағы болашағына қатысты пікір білдірді, деп жазады Sportarena.kz. сайтына сілтеме жасаған Sportbugin.kz.
Боксшының айтуынша, қазіргі таңда ол бар назарын әуесқой боксқа аударып, ұлттық құрамамен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.
«Қазір әуесқой бокстамын, оқу-жаттығу жиындарынан өтіп жатырмын. Егер алдағы уақытта кәсіби бокстан ұсыныстар түссе, міндетті түрде келіссөз жүргізіп, қарастырамыз. Бірақ әзірге басымдықты әуесқой бокстағы мансабыма беріп отырмын», — деді Бибосынов.
Айта кетейік, Сәкен Бибосынов 2025 жылы кәсіби бокста дебют жасаған болатын. Биыл ол WBA Asia белдігі үшін жекпе-жек өткізуі тиіс еді, алайда турнирдің өтпей қалуына байланысты кездесу ұйымдастырылмады. Бибосынов соңғы ірі жетістігіне IBA бокстан әлем чемпионаты қол жеткізіп, екі дүркін әлем чемпионы атанған еді.
