Бексұлтан Боранбек Индонезияда өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп жазады Sportbugin.kz.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Уджу Чонмен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша Бексұлтан қарсыласын төрешілердің бірауыздан шешімімен 5:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Осы жеңістің арқасында қазақстандық былғары қолғап шебері Азия чемпионатының жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдені өз қоржынына салды. Ал оңтүстіккореялық боксшы жарысты жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, құрлық біріншілігі 19 жасқа дейінгі (U-19) және 23 жасқа дейінгі (U-23) санаттарында ұйымдастырылған. Турнир 16 шілдеге дейін жалғасады.
