Өзбекстан ұлттық құрамасының футболшысы Аббосбек Файзуллаев шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Салтанатты кеш барысында жас жұбайға тағы бір ерекше қуаныш сыйланды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеоларда футболшыға салтанатты түрде «Өзбекстан белгісі» төсбелгісі табысталғаны көрінеді.
Марапат арнайы той өтіп жатқан жерге әкелініп, көпшіліктің алдында тапсырылды.
Бұл әсерлі сәтті той қонақтары зор қошеметпен қарсы алды.
Айта кетейік, Файзуллаев Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы алғашқы голының авторы.
