Ресейлік еркін күрес шебері Абдулрашид Садулаев Грузияда өткен RAF Georgia турнирінде Кайл Снайдермен чемпиондық белбеу үшін белдесті, деп хабарлайды Sportbugin.kz.
Бұл кездесуде Кайл Снайдер RAF лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпиондық белбеуін қорғады.
Белдесу барысында америкалық балуан Садулаевты таза жеңіп (туше), Кайл Снайдер RAF лигасының жартылай ауыр салмақтағы чемпионы мәртебесін сақтап қалды.
Айта кетейік, бұған дейін Садулаев пен Снайдер кілемде төрт рет кездескен болатын. Сол жекпе-жектердің үшеуінде ресейлік балуан жеңіске жеткен еді.
